USD
USD
USD

Банктер тәуекелдерін жабу үшін 450 млрд теңге қажет

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттік

Банктер тәуекелдерін жабу үшін 450 млрд теңге қажет
Фото: NEGE.kz

 (ҚНРБА) төрайымының орынбасары Олег Смоляков AQR қортындыларын жариялап, 14 ірі банктегі капиталдың жеткілікті екендігін хабарлады.

"Банктердегі негізгі капитал көлемі 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2 трлн 378 млрд теңге. Бұл банк активтерінің активтердің 15,5 пайызын құрайды. Ал тәуекелдерді жабуға негізгі капиталдың 3 пайызы қажет. Демек оған 450 млрд теңге керек. Қайталап айтамын, шоғырландырылған деңгейде капитал тапшылығы жоқ. AQR нәтижелері бойынша k1 және k2 стандарттарының артығымен орындалып отырғанын байқадық"...

 

Енді AQRдың екінші кезеңі бар. Ол 2020 жылдың ақпан айында аяқталады

Смоляковтың айтуынша AQR екі кезеңге бөлінген, және біріншісі негізгі және ең қиыны болып табылады. Оның сөзінше, қазір тексеріс нәтижесі бойынша банктерге ішкі саясаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жіберілді. Осымен банктердің қаржылық есебіне кіретін 2019 жылдың қортындылары шықпақ. Ал қалған жұмыс келесі жылы жалғасады.

 

Тақырыпқа орай: Сонда бәрі дұрыс па? AQR есебі шықты

 

Енді реттеуші орган банктермен бірлесіп, іс-шаралар жоспарын әзірлеуі тиіс. Әр банктің жоспарын ҚНРБА мен Ұлттық Банк қарайтын болады. 

Қазір оқып жатыр

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi