Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Банктер туралы жаңа заң президентке қол қоюға жолданды

Парламент банктер туралы жаңа заңды қабылдады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. 29 желтоқсанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары банктер туралы заңға және оған ілеспе заң жобасына Сенат енгізген түзетулермен келісті. Құжаттағы түзетулердің бірі – бірнеше банктен бір мезгілде несие алуға шектеу қою.

Заң жобасы негізінен банк қызметін реттеуді жетілдіруге және қаржы нарығын дамытуға бағытталған. Соның ішінде:

  • банк құпиясы режимін сақтау талаптарын қазынашылық органдарына да қолдану;

  • деректер витринасын енгізу мақсаттарын және онда қамтылуға тиіс ақпараттың тізбесін регламенттеу, сондай-ақ деректер витринасына қатысты нормалардың қолданысқа енгізілу мерзімін 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру;

  • базалық банк лицензиясынан әмбебап банк лицензиясына көшу кезінде пруденциялық нормативтерді сақтау талаптарын нақтылау.

Сондай-ақ құжатта Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайтын ислам банкінің филиалына белгілі бір инвестициялық қызметті іске асыру құқығын белгілеу мәселелеріне қатысты түзету қарастырылған.

Жаңа заң президентке қол қоюға жолданды.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді