USD
USD
USD

Банктер күзден бастап жаңа талаппен жұмыс істейді

Банктер міндеттемелері бойынша ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) арттыру туралы өзгерістер осы жылы күзде енгізілуі мүмкін.

жаңа ереже
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Соңғы екі үш ай банк қауымдастығымен қызу пікірталас жүргіздік. Жалпы банк қауымдастығы барынша салмақты көзқарас танытты. Бізге бұл құралды барынша дәл орнатуға көмектескен техникалық, әдістемелік нақтылаулар көп болды. Қазір енгізуге дайын деп есептеймін. Бірақ осы жылдың қыркүйегінен бастап ЕТРТ кезең-кезеңімен қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымен қыркүйек, қаңтар, сосын сәуір. Толыққанды үш кезеңде енгізіледі», – деді Сүлейменов. 

Сүлейменовтің сөзінше, банктердің барлығына бірдей жаңа талаптар ұнай қойған жоқ. Бірақ «қаржы нарғының мүддесі және инфляцияны тезірек тұрақтандыру үшін» қаржы ұйымдары келіскен.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева