USD
USD
USD

Банкроттық туралы арыз 3 наурыздан қабылданады

Банкроттық жариялаймын деген азаматтар арыздарын наурыздың үшінен бастап жібере алады. Бұл туралы бүгін Сенатта Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабаралады Хабар-24. 

Банкроттық туралы арыз 3 наурыздан қабылданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жақында ведомство жаңа ақпараттық жүйені іске қосып, оны басқа мемлекеттік органдардың порталдарымен біріктірді.

- Жоба пилоттық негізде екі рет тексерістен өткен. Айта кетейік, банкроттық ол амнистия емес. Оның салдары бар екенін ұмытпаған жөн, - деді вице-министр.

Яғни өзін банкрот деп жариялағандар бес жылдың ішінде несие ала алмайды. Сондай-ақ олардың мәліметтері 7 жыл бойы реестрде тұрады. Екінші рет банкроттық жариялауға мүмкіндік берілмейді.

Қаржы министрлігі бұл процедура іске қосылғанда мемлекеттік бюджеттің қанша қаржы жоғалтатынын да жобалап қойыпты.

- Банкроттық туралы заңның аясында жеке тұлғалардың қарыздары есептен шығарылады.  Ол жеке тұлғаның табысы деп саналмайды және салық салынбайды. 10 пайыздық салық. Бір триллион қарыз бар. 10 пайызға көбейтсек, 10 триллион шығады. Ол болжамды түрде. Өйткені қазір бұл азаматтар бастапқы қарызын төлей алмай отыр. Сандық екінші сұрақ қой. Сондықтан жергілікті бюджетке кері әсері болмайды деп ойлаймын, - деді Ержан Біржанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз