USD
USD
USD

Банкоматтардың көзін неге құртып жатыр?  

Түркіменстанның Дарганата аймағында 27 банкоматтың 8-і ғана қалған.

Банкоматтардың көзін неге құртып жатыр?  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркіменстанның бірқатар аудан орталықтарында банкоматтардың жартысынан көбі алынды, демонтаж жалғасып жатыр, деп хабарлайды centralasian.org.

Бұл арада елде қолма-қол ақшаға тапшылық, банкоматтарда ақша алу үшін кезекте тұру жалғасып жатыр.

Фарап ауданында 19 банкомат болса, олардың алтауы ғана істейді. Дарганата аймағында 27 банкоматтың 8-і ғана қалған.

Банкоматтардың қысқаруы кезекті көбейтіп, тіптен сол үшін жиі жанжалдасатын жағдайларды да жиілеткен. 28 желтоқсанда Гызыларват қаласында кезекте тұрған ашулы тұрғындар оларды бақылап тұрған полиция қызметкерін сабап тастаған. Өлкеде пластик карталардан ақша шығарып алуға шектеу енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy