Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Банк қызметкері халықтың депозитінен 32 млн теңге жымқырған

Банк клиенттерінің ірі көлемдегі қаржысын талан-таражға салу күдігіне ілігіп, халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Дубайда қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк қызметкері халықтың депозитінен 32 млн теңге жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «57 жастағы әйел бірнеше жыл бойы клиенттеріне білдірместен, олардың депозиттік есепшоттарындағы ақшаларын заңсыз аудару арқылы 32 млн теңгеден астам шығын келтірген. Қылмыстық қудалаудан жалтару мақсатында банктің бұрынғы қызметкері Қазақстан аумағынан Бірікен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен. Осыдан кейін Интерполдың Қазақстандағы ұлттық орталық бюросы «тұтқынға алу» бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеу жариялаған. Осы жылдың 18 қыркүйегінде ҰР ҚК 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған қазақстандық Дубайда тұтқындалып, Қазақстанға депортацияланды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ақпаратында. Күдікті әйел уақытша оқшаулағышқа қамалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек

Қазақстанда Egov 3.0 порталы іске қосылды

eGov Mobile