USD
USD
USD

Банк және микрокредит ұйымы қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта банк қызметінің алаяқтық әрекеттер алдындағы осалдығын азайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Прокуратура
Фото: Прокуратура

Алматы, NEGE. «Қаржы секторындағы заң бұзу фактілері бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты, оның ішінде алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы), өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК-нің 250-бабы), сондай-ақ міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы)фактілері бойынша 61 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп жазады Бас прокурор. 

Берік Асылов осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жыл басынан бері шағын кредит беру талаптары күшейтілгенін еске салады.

«Қазіргі таңда клиентті биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі. Ал қарыз алушының шотына ақшалай қаражат аудару клиентке оның банк шотының немесе төлем картасының тиесілі екенін анықтағаннан кейін жүзеге асырылады», – деп жазылған жауапта.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс