USD
USD
USD

Банк тарифтері: қымбаттамайды, жоспар да жоқ

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Kaspi.kz қызмет көрсету шарттарын өзгертеді, яғни картаның жылдық қызметі 10 мың теңге болады деген жалған ақпарат тарады.

Жалған ақпарат
Фото: Ғаламтордан

Белгілі болғандай, іс жүзінде ешқандай қымбаттаған жоқ, жоспарланбаған да, клиенттер үшін ештеңе өзгермейді.

«Банктердің шекті тарифтері» деген не және олардан неге қорқудың қажеті жоқ? Бұл тақырыпты bes.media тілшілері зерттеп шықты.

Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) көп жылдан бері «шекті тарифтер» туралы заңдық құжаттарды тұрақты түрде жариялап келеді. Бұл құжаттарда банктер тіпті тегін көрсетілетін қызметтер бойынша да ең жоғары мүмкін болатын мөлшерлемелерді көрсетеді.

«Шекті тариф – бұл баға прейскуранты емес, ең жоғарғы шек. Банктер базалық ережелерді жиі өзгертпеу үшін ондаған жылдарға алдын ала үлкен қор қалдырады. Іс жүзінде нақты комиссиялар, әдетте, көрсетілген ең жоғары мәндерден едәуір төмен болады. Жоғары шекті мәндердің жариялануы қызмет құнының өскенін білдірмейді – бұл заң талаптарын орындау», – деп атап өтеді bes.media.

Кейбір екінші деңгейлі банктерде «шекті тарифтер» заңды тұлғалар үшін 200 млн теңгеге дейін, ал жеке тұлғалар үшін 1 млн теңгеге дейін жетеді.

Мысалы, Банк ЦентрКредит жеке тұлғалардың шотын ашу, жүргізу және жабу үшін 10 млн теңге көлемінде «шекті тариф» көрсеткен. ForteBank шот ашуға – 10 мың теңге, ай сайын жүргізуге – 20 мың теңге, жабуға – 5 мың теңге шекті тариф белгілеген. Freedom Bank алғашқы шотты ашу үшін 1 млн теңге көлемінде шекті тариф көрсеткен. Іс жүзінде мұндай тарифтер ешқайсында жоқ, қолданылмайды.

Kaspi-де «шекті тарифтер» де, нақты тарифтер де кемінде 2017 жылдан бері өзгермеген және 2026 жылы да бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net