USD
USD
USD

Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 17 адамға жетті, 32 адам жараланды.

Бангкок
Фото: ғаламтордан

  Алматы, NEGE. Одан бөлек 83 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы ТАСС жазды.

Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Қытайдың Юньнань провинциясындағы Баошань, Сишуанбаньна-Дай автономиялық облысы, Пуэр және Куньмин қалаларының тұрғындары да күшті жер сілкінісін анық сезінген еді.

Сондай-ақ, сілкініс дүмпуі Таиланд астанасы Бангкок пен Лаос астанасы Вьентьянда да анық байқалғаны хабарланды.

Күшті жер сілкінісі дүмпуінен, Бангкокта көпқабатты үй қираған болатын.

Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды.

Таиланд премьер-министрі Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады.

Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түспегені хабарланды.

Ал соңғы мәліметке сай Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асқаны белгілі болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тас жолында көлік өртенді

көлік апаты

IMEI-код көрсетілуі тиіс: Қазақстанға телефон әкелу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Смартфон

Төрт адамды өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

күдікті

Шымкент әкімдігі тұрғындарды аптап ыстықта жануарларға қамқор болуға шақырды

аптап ыстық