USD
USD
USD

Балуан Жәмиля Бақбергенова әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Балуан Жамиля Бақбергенова жеңіске жетті. 

Балуан Жәмиля Бақбергенова әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балуан Жәмиля Бақбергенова әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.  Бақбергенова – күміс жүлдегер. Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қыздар арасында бәсеке болды. Әсіресе, 72 келіде ел намысын қорғаған Жәмиля Бақбергенова барлық қарсыласын ұтып, финалға шыққан еді. Соңғы сында жапониялық Масако Фуруитиге есе жіберді. Жапон қызы бірінші кезеңде 2 әдісті сәтті орындап, 3 ұпай алды. Бұл көрсеткіш жекпе-жек соңына дейін сақталды.

Жәмиля қанша тырысқанымен, қарсы әдіс қолдана алмады. Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. Қалған қыздар үмітті ақтамады. Барлығы дерлік іріктеу сындарынан сүрінді. Оның алдында еркін күрес шеберлері де жүлдеге іліге алмай, құраалақан қайтқан. Енді бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып жатыр. Бірақ, бұнда да жерлестеріміз көрсеткіші  көңіл көншітпейді.  Ослодағы дода 9-шы қазанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі