USD
USD
USD

Балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды

Ақтөбеде балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбеде 19 қыркүйек күні сағат 14.00-де Сәтпаев көшесінің тұрғынынан 3 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел дүкенге барып келгенше, бала балкон арқылы көшеге шығып кеткенін мәлімдеді. Патрульдік полиция батальонының жасағы 20 минуттің ішінде баланы Сәтпаев көшесі мен Сәңкібай батыр көшесінің қиылысында тапты. Анасы ұлымен аман-есен қауышты. Әйел жедел әрекет еткені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

– Құрметті ата-аналар, балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторлар орнатыңыз, – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу