USD
USD
USD

Балқаштың су деңгейі көтерілді

Бір жылда Балқаш көлінде су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілді. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.

Балқаш
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 2,9 млрд текше метр болатын.

Бұл өңірдің экологиялық ахуалына және Іле өзенінің сағасына оң әсерін тигізіп отыр. Қапшағай су қоймасын толтыру Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарында суару маусымын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Балқаш көліндегі су көлемі трансшекаралық Іле өзеніне байланысты. Өзен ағысы Қапшағай су қоймасы арқылы реттеледі. Биыл су қоймасынан Балқашқа 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

«Министрлік Балқаш көліне қажетті су көлемін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Келесі аптада Франциядан келген сарапшылармен бірге Балқашты сақтау бойынша 2040 жылға дейінгі мастер-жоспарды әзірлеу мәселесін талқылаймыз. Былтыр біз көл алабын бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол жеткізгенімізді еске салғым келеді», 
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті