USD
USD
USD

Балқашта заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды

Балқашта заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқашта заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қазан күні Балқаш қалалық полиция бөлімі табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері қалалық балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп, Балқаш көлінде заңсыз балық аулаудың алдын алуға байланысты рейдтік іс-шаралар өткізді. Сағат 19.30 шамасында Ащыөзек станциясының маңындағы өзенде резеңке қайықтан заттар түсіріп жатқан азаматты байқады.

Полиция қызметкерлері күдік тудырған 42 жастағы Балқаш қаласының тұрғынын ұстады. Қайықты тексеру барысында 23 келі алабұға, 34 келі берш және 500 метр балық аулау ауы тәркіленді.

Жануарлар әлеміне келтірілген шығын көлемі 344 000 теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы