USD
USD
USD

Балқашта ұрланған телефоннан ақша аударып алған ұры анықталды

Балқашта ұрланған телефоннан ақша аударып алған ұры анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқашта ұрланған телефоннан ақша аударып алған ұры анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  9 қарашада Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәберленушінің айтуынша, дәмханалардың бірінде біраз уақыт мүлкін қараусыз қалдырған. Бұл жағдайды белгісіз біреу пайдаланып, жәбірленушінің ұялы телефоны мен сымсыз құлаққапты ұрлап кеткен. Содан кейін күдікті ұрланған ұялы телефоннан жәбірленушінің есепшотынан 103 мың теңге шешіп алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе