USD
USD
USD

Балқашта коттеджде тұратын зейнеткер жалғызбасты қызынан алимент өндірмек болған

Балқаш қаласында тұратын зейнеткер қызынан ай сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмекке 43 мың теңге көлемінде алимент өндіріп беруді сұрап сотқа жүгінген. Заң бойынша кәмелетке толған балалар көмекке мұқтаж ата-анасын асырауға міндетті болғанымен, сот зейнеткердің талап-арызын қанағаттандырмады.

алимент
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Өйткені қалалық сот талап қоюшының ай сайын 128 229 теңге көлемінде зейнетақы алатынын, сондай-ақ оның екі қабатты тұрғын үйі мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі бар екенін анықтаған. Бұған қоса ұлының материалдық көмек көрсетіп жүргені анықталған.

Қызы зейнетақы алатын әкесі материалдық көмекке мұқтаж емес екенін алға тартқан. Сондай-ақ зейнеткердің коттеджде жалғыз тұратынын, автокөлігі бар екенін және дәрігерлер оған тек дәрумендер ғана тағайындағанын атап өткен. Ал өзі екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын, балалардың әкесінен алимент алмайтынын айтады. Сатушының көмекшісі болып істейтін жұмысынан айына 85 мың теңге ғана жалақы алады.

Сот талап қоюшының материалдық көмекке мұқтаж емес екенін, сондай-ақ оның зейнетақы мөлшері ең төменгі жалақыдан жоғары екенін ескерген. Соттың пікірінше, талап қоюға қызы мен әкесінің арасында бұрыннан келе жатқан келіспеушілік себеп болған. Осыларды ескерген сот «талап қоюды қанағаттандыруға негіз жоқ» деген шешім шығарған.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік