Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Балқаш тұрғындары ағылшын тілін тегін үйрене алады

Халықаралық тіл орталығы «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Qaiyrymdy» қайырымдылық акциясын өткізуде. Жас полиглот мұғалімдер аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 200-ден астам баланы шет тілдеріне оқытуға дайын.

Балқаш тұрғындары ағылшын тілін тегін үйрене алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тіл орталығы бірнеше ай бұрын ашылған. Педагогтер бірден қаланың әлеуметтік бөліміне мұқтаждар тізімін алып, барлығын шақырып, балаларды оқуға шақырды.

Қазірдің өзінде 10 адамнан тұратын топ жиналған. Олардың барлығы ағылшын тілін үйренеді.

Сабақтар аптасына екі рет өткізіледі. Ағылшын тілінен басқа, шетелде оқыған студенттер түрік, неміс және корей тілдерін үйретеді.

«Біздің орталық ересектер мен балаларға арналған сабақтар өткізеді. Онлайн және офлайн форматта. Орталықта бейнематериалдарды түсіруге көмектесетін еріктілер бар. Қазір біз «Қайырымды істер марафонына» қатысып жатырмыз. Бізде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары тегін оқи алады», – деді Тіл орталығының жетекшісі Оралхан Барлан.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық