USD
USD
USD

Балқаш маңында автобус аударылды

Балқаш маңында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады.

Балқаш маңында автобус аударылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Балқаш маңында жол апатына ұшыраған автобус жолаушыларының жағдайы туралы мәлімет таратты 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Балқаш қаласының маңындағы Гүлшат кентінің маңында рейстік автобус аударылған болатын. Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болған.

«Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті зардап шеккен 6 адамды ауруханаға жеткізді.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы ардап шеккендердің жағдайын айтты.

«13 желтоқсанда жол апатынан 8 адам зардап шекті. Бір адам бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, екеуі тексеруден бас тартты, бесеуі түрлі жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы - ҚР азаматтары» делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко