USD
USD
USD

Балықшыларға қауіпсіздік ережелері күшейтілді

Шығыс Қазақстанда «МҰЗ» іс-шарасы аясында қауіпсіздік күшейтілді. Құтқарушылар енді қата бастаған мұз үстінде, балық аулайтындарға ескерту жасады, деп жазды 24.kz.

аулау
Фото: depositphotos.com

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздікті елемейтіндер көп. Сондықтан күзден бері мыңнан аса рейд өткізілді.

Жүздеген балықшыға түсіндіру парақшасы таратылды. Шалғайдағы Тарбағатай, Күршім, Алтай, Глубокое аудандарында тәртіп бұзғандар саны артқан. Әсіресе Ұлан ауданында, жұқа мұздың үстінде, жайбарақат қармақ салатындар көп, дейді мамандар.

Енді 25 сантиметрден жұқа мұз бетіне шыққан адамдарға 30 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Биыл өлкеде төрт балықшы суға кеткен.

Ағажаев, ШҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Қаупсіздік талабына атүсті қарамау керек. Қажетті сақтық құралдарын алып жүру артық етпейді. Мұз үстінде балық аулап отырған адамда құтқару кеудешесі, оқыс жағдайда көмек шақыру үшін керек болатын ысқыратын құрал,ұзындығы 2 метрге жететін таяқ пен арқан болу қажет. Бұдан былай осы заттар болмаса, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы