USD
USD
USD

Балықшылар 200 келі қортпа аулап алды

Атырау балықшыларының ауына бекіре тұқымдасына жататын алып қортпа түсті. 

Балықшылар 200 келі қортпа аулап алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлының айтуынша, бағалы балық бүгін Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында ауланған.

«Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 19 сәуірде «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасы Жайық өзеніндегі «Кіші Дамбы» тартымынан алып қортпаны аулады. Бағалы балықты аулауға «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-нің қызметкерлері де қатысты. Су маржанының салмағы шамамен 200 келіге жуық. Қазір алып қортпа бекіре балықтарын өсіру зауытына жеткізілді», - деді Аслан Жеңісұлы

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити