USD
USD
USD

Балық сүйегінен ұн өндіретін зауыт жабылуы мүмкін

Алматы облысының халқы балық сүйегінен ұн өндіретін зауыттың экологияны бұзғанын айтып, наразылық білдірді. Осыған орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді. 

Балық сүйегінен ұн өндіретін зауыт жабылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Желіде Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылындағы балық сүйегі ұнын өндіретін зауыттың экологиялық нормаларды бұзуына қатысты ақпарат тараған-ды.

Министрлік аталған факті бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін шара қабылдап жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша зауыт жұмысын А.С.Байгабатов шаруа қожалығы жүргізеді. Ұйым №03-051-225-054 жер пайдалану құқығы актісі негізінде жұмыс істеп тұр. Осыған сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты - балық сүйек ұнын өндіретін шағын цех салу» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Экология кодексінің 1-бабының 6-тармағына сәйкес биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынасты Қазақстанның ветеринария саласындағы арнайы заңнамасы реттейді («Ветеринария туралы» заңның 1-бабы 4-1).

Алматы облысы бойынша экология департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.

«Анықталған факт бақылауда. Тексеру нәтежесі қосымша хабарланады» деп мәлім етті министрлік.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум