USD
USD
USD

Балғынбек Имаш: «Дикий Арманды» танымаймын

Балғынбек Имаш TALK LIKE бағдарламасында «Дикий Арманды» танымайтынын айтты. Айтуынша, оны тек Айнұр Тұрсынбаеваның отырыстарында көрген. 

Балғынбек Имаш: «Дикий Арманды» танымаймын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен оны танымаймын, ондай жігіт бар екенін білмейді екенмін. Айнұрға бардық. Айнұр тұсаукесерге, одан қалды шұжық шығарғанда шақырды. Өйткені Айнұрдың күйеуі сол Арманның жолдас жігіті екен. Сондай бір іс-шараларда кездесіп қалғаным болмаса, «Арманға барды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды. », - деді Балғынбек Имаш. 

Бұған дейін Балғынбек Имаштың «Дикий Арманға» арнау айтқан видеосы тараған болатын. Оны Арман Жұмагелдиевтің өзі әлеуметтік желіге жүктеген болатын. 

Журналист Аман Тасыған Балғынбек Имашқа «Дикий Арман» батыр ма, блогер ма, бандит па деген сұрақ қойды. 

«Соңғы кезде өте көп әлеуметтік желіде белсенді болып кетті. Соның қажеті де жоқ еді. Жарқыратып бәрін ашық жариялап жіберді. Кез келген дүние тыныштықты жақсы көреді. Әлеуметтік желіге үйің мен отбасыңды, дүние мен ішіп-жегеніңді сала беру дұрыс емес. Қазақ көз бен сөзден қорғанған халық. “Көз тию – түйені қазанға, адамды қабірге түсіреді деген сөздің жаны бар. Арманмен бір жүздескенімде де осы туралы айтамын деп ойлап жүрген едім. Бірнеше рет әңгімелестік, сондағы ойым уағыз айту болатын, сөйтсем өзіме уағыз айтып жіберді, қалай дегенмен талайды көрген ғой. «Камерада, суықта мені сақтап қалған – Құран. Құранды оқи бердім, оқи бердім» дегені есімде. Араб тілін үйреніп жүрген екен, қазаққа пайдам тисе деген ойын айтты. Ішіндегісін білмеймін, бірақ сөзіне қарап қазақ деп жүрген жігіт екен ғой деп ойладым», - деді ақын.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар