USD
USD
USD

Балғамен ұрған: Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды

Абай облысында зейнеткерді балғамен ұрып, тонап кеткен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балғамен ұрған: Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызданды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен.

Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның үш мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе