USD
USD
USD

Балауса Мұздыман бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол Үндістан өкілі Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) жұдырық түйістірді, деп хабарлады Zakon.kz.

М
Фото: Балауса Мұздыманның инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Екінші жеңіл салмақтағы бокшылар жекпе-жегінің әр раунды 2 минуттан есептеліп, 10 минутқа созылды. Сондай-ақ, жекпе-жек титулдық сипатта болды. UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы бәске тігілді. Жекпе-жек төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Осылайша жерлесіміз жеңіске жетті.

Бірінші, екінші және төртінші раундтарда төреші Сингхтың нокдаун алғанын тіркеді.

Нәтижесінде Қазақстан өкілі кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңіске жетіп, UBO нұсқасы бойынша екінші ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды, ал Мамта Сингх кәсіби рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Қазір оқып жатыр

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet