USD
USD
USD

Баласын тұншықтырып өлтірген әйел жындыханаға жатқызылды

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді.

Баласын тұншықтырып өлтірген әйел жындыханаға жатқызылды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты хабарлады.

Алматы, NEGE.  Сот мәліметіне қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын. Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Және ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетіп берді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова