USD
USD
USD

Баласын құтқармақ болған әке суға кетті

Балқаш көлінде баласын құтқармақшы болған ер адам суға батып кетті.

Баласын құтқармақ болған әке суға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 тамызда Приозерск қаласынан 5 шақырым жердегі Балқаш көлінде болған. 2009 жылғы бала көлде үрлемелі матраспен шомылып жүрген. Алайда қатты жел мен толқын үрлемелі матрастағы баланы жағадан алысқа алып кеткен. Әкесі баласын құтқаруға асығыпты.

«Әкесі құтқарушыларды күтпестен баласына көмектесуге асыққан. Бірақ ол баласына дейін жүзіп бара алмаған. Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы төтенше жағдай департаменті қызметкерлері баланы құтқарған. Оны жел мен толқын көлдің жағасынан 850 метр жерге алып кеткен. Кейін құтқарушылар баланың әкесін іздеген. Іздеу жұмыстары кешке дейін жүргізіліп, 13 тамызда да жалғасқан. Құтқарушылар ер адамның мәйітін сағат 10:40-да көлдің жағасынан 350 метр жерден тапқан», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар карантин кезінде облыстағы көлдер мен су қоймайларында шомылуға тыйым салынғанын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай