USD
USD
USD

Баласын грантқа түсірмек болған тұрғын 1,3 млн теңгесінен айырылды

  Ақтөбе қаласының тұрғыны полициядан көмек сұрады. Ол баласын грантқа оқуға түсірмек болып, 1,3 миллион теңге ақшасынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баласын грантқа түсірмек болған тұрғын 1,3 млн теңгесінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол 2- шілде күні бейтаныс адамға қолында бар ақшасын ұстатып жіберген. «40 жастағы ақтөбелік бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттерінің біріне «ақысыз бөлімге» оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы