USD
USD
USD

Баласын вокзал маңында тастап кеткен ананың психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды

Осыдан бірер күн бұрын елордада 3-4 жасар баланы далада тастап кеткен анаға іздеу салынған еді. Баласын тастаған ана табылды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астана
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру нәтижесінде баласын вокзал маңында қалдырған ананы анықтап, полицияға жеткізді. Ол бұрын психиатриялық диспансерлік есепте тұрған.

Қазір анаға қатысты баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Бала Астана қаласы әкімдігінің өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС