USD
USD
USD

Баласын батареяға байлап қойып ұрған: сот әйелді емделуге жіберді

Жетісу облысының Панфилов аудандық сотында төрт жасар баласын ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Баланы ұрған
Фото: Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, 18 қаңтарда әйел ваннадағы суды ашық қалдырғаны үшін ұлын жазалаған: оны батареяға байлап қойып ұрып-соққан. Бала дене жарақаттарын алған.

Бұл жайтты отбасының танысы видеоға түсіріп, әкесіне жіберген. 

Сотта айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбамен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Әйелге «кәмелетке толмаған баланы қинау» бабымен айып тағылды. Алайда сараптама оның туа біткен психикалық ауытқуы бар екенін анықтады. Оқиға кезінде ол өз әрекеттерінің мәнін түсінбеген және сот процесіне қатысуға қабілетсіз деп танылды.

Сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды.

Балалар мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова