USD
USD
USD

Баласы 1,5 жасқа толғаннан кейін әйелдер әлеуметтік төлем ала ала ма?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін әйелдер жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем рәсімдей алатыны, ол үшін алты ай бойы мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет екені айтылған ақпарат тарады.

әлеуметтік төлем
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Алайда салалық министрлік бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл "схеманың" заңды негізі жоқ екенін және ол азаматтарды жаңылыстыратынын ресми түрде түсіндіреді», – делінген ведомство хабарламасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады, сондықтан ол жұмыссыз деп танылмайды. Жұмыссыз мәртебесі тек нақты жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адамдарға ғана беріледі.

«Сондай-ақ жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалатынын еске саламыз. Олар жұмыссыз ретінде тіркеліп, белгіленген талаптарды орындауы тиіс. Төлем алушы жұмысқа орналасқан жағдайда бұл туралы мансап орталығын уақтылы хабардар етуге міндетті. Егер жалған мәліметтер ұсынылса, төленген қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.

Министрлік әлеуметтік төлемдерді алу мақсатында әдейі жалған мәліметтер беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертеді. Осындай жалған нұсқаулықтарды тарататын тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы еліміздің 12 өңірінде әлеуметтік төлемге қатысты алаяқтық фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Бес өңірде 7 сот үкімі шығарылған.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли