USD
USD
USD

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы уақытта интернетте өзін «емші», «көріпкел» ретінде таныстырып, баланың қатты дуаланғанын айтып, оны ақылы түрде «емдеп, дуаны қайтару» қызметін ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген.

алаяқтық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Полицейлердің мәлімдеуінше, алаяқтар әдетте әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысқа шығып, жағдайдың күрделі екеніне сендіріп, «балгерге» жүгінуге көндіреді. Кейін «ем жүргізу», «дуаны қайтару» немесе «қажетті заттарды сатып алу» сылтауымен ақша аударуды сұрайды.

Бұл ретте полиция интернеттегі бейтаныс адамдардың «емдеу», «көз тиюден арылту» туралы уәделеріне сенбеуге шақырады. Сондай-ақ мына кеңестерге құлақ түруге үндейді:

  • таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді, банк карталарының деректерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
  • қорқыныш пен дүрбелеңге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеріңіз;
  • күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасу тарихын және ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз.

«Алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланатынын есте сақтаңыз», – деп ескертеді полиция өкілдері.

Егер сізден осындай жолмен ақша талап етсе немесе алаяқтарға алданып қалғаныңызды түсінсеңіз, полицейлер дереу «102» нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.