USD
USD
USD

Баланы еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісіне іс қозғалды

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланы еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісіне іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы тәрбиешісінің балаға қатал қарауы және тәрбиелеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттерін орындамауы туралы арызбен жүгінді. «Қазіргі уақытта ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған» делінген хабарламада. Балабақша директоры мен тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылды. Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу өткізеді. «Сондай-ақ қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында» делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев