18 Шілде 17:36

Баланы өлтіріп, мәйітін дәретханаға батырып жіберген ер адамға сот үкімі шықты

туалет
Фото: onlinemahi.com

Туған қызына азғындық жасап, ұл баланы айуандықпен өлтірген 38 жастағы Абай облысының тұрғыны сотталды.

Алматы, NEGE. Сот 38 жастағы ер адамның мас күйінде, киімсіз күйде кәмелетке толмаған балалардың қасында болғанын және 9 жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер жасағанын анықтады.

Сонымен қатар, әйелі күтуші ретінде 4 жасар баланы үйіне алып келіп баққан. Ал ер адам баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптаған. 

Ал 4 жасар баланың туған анасы жұмыс істегендіктен, оны күтушісінің үйіне жіберген. Бала олардың үйінде 4 айдан бері жүрген. 

Ер адам баланы өлтіру үшін ол оны бірнеше рет ұрған. Салдарынан бала алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ол кішкентай бала өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген. Осы әрекеттерінен кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен. Ер адамның жұбайы бала үйде болған уақытта оны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Сот айыпталушыны кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер, азаптау және кәмелетке толмаған баланы өлтіру бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Оның жұбайы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісті орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және 3 жылға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.