USD
USD
USD

Баландин Қазақстан чемпионатына қатысады

23 қараша күні Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды.

Баландин Қазақстан чемпионатына қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Біріншілікке еліміздің 14 өңірінен 16 команда қатысуда, деп жазды Olympic.kz.  «Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында турнир көрерменсіз өтуде. 23-27 қараша аралығында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 27-29 қарашада ерлер сынға түседі. Қатысушылардың барлығы коронавирусқа арнайы тест тапсырып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен. Бұл чемпионат қазақстандық спортшылар үшін 2020 жылғы соңғы жарыс болмақ. Елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты бұдан былай турнирлер өткізілмейді», - дейді су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов. Бүгін Қазақстан командасының үздігі, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жарысты бастайды. Сондай-ақ Азия ойындарының жүлдегерлері Әділбек Мусин, Александр Варакин мен Әділ Қасқабай да қатарда.

Қазір оқып жатыр

Дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Ибрагим Нұрмаханұлы

Алматыда 22 қазанда кезекте тұрғандардан 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

кілт

Қазақстанның әуе кеңістігінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды

әуе рейстері

Адамдардың немқұрайлығы мен салғырттығының салдары тым қымбатқа түседі – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев