USD
USD
USD

«Баламнан бас тартқан емеспін»: Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасуына қатысты айтты

Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқанымен, одан туған баласынан бас тартпағанын мәлімдеді.

«Баламнан бас тартқан емеспін»: Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасуына қатысты айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол Қуаныш Шонбайдың «Төртеу түгел болса» бағдарламасында айтты.

«Үйлендім, ажырастым. Отбасы бола алмадым. 3 жыл жақсы көрген қызға үйлендім», – деген Қыран ел арасында тараған «баласын тастап кетіпті» деген әңгіменің нүктесін қойды.

«Мен баламнан ешқашан бас тартқан емеспін. Мен әрдайым оны бағуға, көмектесуге, жағдайын жасауға, әкелік тәрбие беруге әрқашан дайынмын. Аллаға шүкір, оған мүмкіндігім жетед», – деді ол.

Өз кезегінде Айжұлдыз Адайбекова да үнсіз қалмады. Экс-күйеуінің сұхбатын көрген ол екіқабат әйелдерге қажетті қолдау жайлы сөз қозғады.

«Екіқабат әйелдерді бағалаңыздар. Олар қорғансыз және күйеулерінің қолдауына зәру. Шын айтамын!

Мен барлық ауыртпашылықты басымнан өткердім, бойымда ешқандай қорқыныш жоқ. Елдің сөзінен немесе басқадан қорықпаймын. Маған осы видеоны жіберіп, direct өртеніп жатыр. 

Нүктесін қояйын десем, үнемі бір хайп шығады.

Қысқасы, достар! Мен оны кешірдім. Онымен сөйлесе де аламын. Інімдей болып кетті. Бұл – менің өмірім және өткенімнен ешқайда қашпаймын. Қабылдаймын! Екеумізге де оңай болмаған шығар...

Сәттілік тілеймін! Мен ойыннан шықтым. Мен-ақ кінәлі болайыншы. Ол жарады, ал мен жоқ. Болды», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала