USD
USD
USD

Балалары ажырасқан соң бұрынғы құдағилар сотқа жүгінді

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бұрынғы құдағилар 126 мың теңге қарыз үшін дауласып, ақыры іс сотқа дейін жеткен.

Сот
Фото: NEGE/ЖИ көмегімен жасалды

Астана, NEGE. Облыстық соттың мәліметінше, әйелдердің бірі екіншісінен ақшалай қарыз алған. Кейін балалары ажырасқан соң, екеуінің арасында келіспеушілік туындаған. Қарызын қайтара алмаған әйел сотқа жүгінген.

Сотта судья екі тарапқа дауды өзара келісіп шешуді ұсынған. Нәтижесінде бұрынғы құдағилар татуласып, ортақ мәмілеге келген.

Келісім бойынша, қарыз алған әйел 126 мың теңгені белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттенген. Ал талапкер арызынан бас тартқан.

Осылайша, сот істі тоқтатып, талапкердің сотқа төлеген мемлекеттік бажын қайтару туралы шешім қабылдаған.

Сот ұйғарымы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тасмағамбетов, Нығматулин, Көшербаев: Досхан Жолжақсыновтың меретойында бұрынғы шенеуніктер бой көрсетті

Досхан Жолжақсынов

Басына пакет кигізіп алып шыққан: Алматыда ер адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Күдікті

«Яндекс» сервистеріндегі ақау: министрлік не дейді?

Такси

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты