USD
USD
USD

Балаларға жасалатын буллингке тосқауыл қойылады

Мәжілісте әлеуметтік желілерде балаларға жасалған буллингке қатысты жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды.

Балаларға жасалатын буллингке тосқауыл қойылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл норма Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданған бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған.

"Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс. Мысалы, ата-ана АҚДМ-ға баласына қатысты әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс", - деп түсіндірді заң жобасын депутат Динара Закиева.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, оқушылардың 12 пайызы буллингке ұшырайды. 11-15 жастағы балалардың 11 пайызында әлеуметтік желілерде кибербуллингке қатысқан немесе осындай жағдайға ұшыраған. Былтыр кибербуллинг деректері бойынша 78 мың өтініш тіркелді.

Оның айтуынша, заң жобасы "кибербуллинг" және "қудалау" терминдеріне анықтама берген. Ол - қорлау сипатындағы жүйелі әрекеттер, қорқыту, қудалау, сондай-ақ, кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ, әлеуметтік желілерді қолдана отырып, дәл осындай әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.

"Қазір ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізілді. Олар - Facebook, Instagram, LinkedIn. Алдын ала мәліметтер бойынша, Гонконгта министрлік байланыста болатын өкілдер анықталды", - деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай