USD
USD
USD

Балаларға қауіпті вирус шыққаны рас па?

Мессенджерлерде белгісіздің әйел қазақстандықтарды коронавирустың үшінші толқыны туралы ескерткен аудио жазбасы тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаға қатысты түсінік берді.

Балаларға қауіпті вирус шыққаны рас па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгісіз әйелдің айтуынша, тамызда коронавирустың үшінші толқыны болады, ол балаларға қауіп төндіреді.

«Алматы және Алматы облысында балалардың өкпесінің ауру дерегі көбейіп кетті. Дәрігерлер мұны коронавирустың үшінші толқынымен байланыстырып отыр. Сондықтан барлық жас анаға ескерткім келеді. Балаларыңызды қорғаңыздар. Оларға балмұздақ және суық су бермеңіздер. Суық жерге бармаңыздар. Мен сіздерге ескертемін! Балалардың өкпесі ауырады, іші өтеді. Оңтүстікте көптеген бала өліп жатыр. Вирус ауада жүр. Сондықтан ауылдастар, іштің ауырғанын басатын дәрі мен антибиотик сатып алыңыздар», – дейді ол.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, мәліметті кім таратқанын анықтау үшін ақпарат Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, ішкі істер органдарына жіберілді. Сіздерден әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді өтініп сұраймыз. Тек ресми дереккөздеріне сеніңіздер. Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің  274 бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертеміз», – дейді комитет қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.