Балаларға қарсы зорлық-зомбылық: «Тараптардың татуласуын болдырмау қажет» дейді депутаттар
«Кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікке байланысты қылмыстарда тараптардың татуласуын болдырмау қажет» делінген бірқатар құзырлы орындар бірлесіп дайындаған заң жобасында. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара ЗӘКИЕВА Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында мәлімдеді.
– «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жазаларды қатаңдату шеңберінде ҚР ҚК 68-бабына өзгеріс енгізе отырып, кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласуын болдырмау қажет деп санаймыз. Жағдайлардың 30% тараптардың татуласуына байланысты жабылады, – дейді Динара Зәкиева.
Мәжіліс Парламентінің депутаты Марат БАШИМОВ өз кезегінде заң жобасының осы тұсын қолдайтынын айтып өтті.
– Бұл тараптарды татуластырудың артында әрқашан жемқорлық тұрады. Сонымен қатар, келісім мен жауапкершіліктен қашу жатыр, – деді депутат.
Заң жобасын Бала құқықтары жөніндегі уәкілдік Аманат фракциясының депутаттары, Бас прокуратура, Ішкі истер минтрлігі және мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген. Заң жобасында 50 ден астам позиция бар. Олар 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Олардың арасында балаларға жасалған зорлык-зомбылық, қатыгездік, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты, буллинг, терезеден құлау, инфрақұрылымның кауіпсіздігіне және балаларға арналған мекемелерді лицензиялауға қатысты түзетулер бар.
Сонымен қатар, отбасыларға әлеуметтік көмек корсететін жүйе мен инфрақұрылымды құру бойынша, алдын алу механизмдері мен құралдарын енгізетін түзетулер көзделген.