Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Балаларға екпе салу басталды

12-18 жас аралығындағы балаларға екпе салу басталды.

Балаларға екпе салу басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Куба 2 мен 18 жас аралығындағы балаларға отандық «Соберана-2» вакцинасын сала бастады. Сынақтар аталған екпенің қауіпсіз екенін дәлелдеген. Ал ересектер жергілікті мамандар жасаған «Абдала» атты екінші екпені қабылдайды. Қазір 11 миллион 300 мың тұрғынның жартысына жуығы бірінші дозаны, ал 3 жарым миллионнан астамы 2 дозаны да салдырған. Билік осы айдың аяғына дейін халықтың 90 процентін вакциналап үлгереміз дейді. Өткен аптада Кубада күніне 7 мың адам індет жұқтырып, 70-80 кісі көз жұмған болатын. Мамандар бұл 100 мың тұрғынға шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі деп есептейді.

Виценте Верез Бенкомо, Финли вакциналар институтының директоры:

Біз вакцинаны балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, жасадық. Себебі біздің Финли институты нақты осы бағытқа маманданған. Біз бірінші және екінші кезең бойынша Гаванада жүргізілген клиникалық сынақтар барысында алынған дәлелдерге сүйендік. Бұл вакцинаны өте қауіпсіз деп сеніммен айта аламыз.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш