USD
USD
USD

Балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылмақ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылатыны туралы мәлім етті.

Балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Аға буынның белсенді өкілдері — бұрынғы оқытушылар, музыканттар, әртістер тәрбие жұмысына атсалысуда. Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына «Айнабұлақ – 2» ықшамауданындағы «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында сабақ өткізеді», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады. Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады. Сондай-ақ, мұнда емдік дене шынықтыру және өзіндік дайындық сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған.

«Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз», – деп атап өтті әкім.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов