USD
USD
USD

Балаларға зәр ішкізіп, нәжіс берген: Шымкентте асыранды балаларды ата-анасы қорлаған

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева асырап алған балаларды қинады деген күдікке ілінген ер кісінің әрекеті туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бала
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл аталмыш қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт.

«Бұл оқиғада біраз сұмдық бар, соның бірі – үлкен баланың сөзінше, асырап алған адам балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде», - деп жазды Зәкиева. 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.