USD
USD
USD

«Балаларды вакцинациялау ауылдан басталады»: Ақпарат жалған ба?

  Желіде таралған балаларды вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама жалған.

«Балаларды вакцинациялау ауылдан басталады»: Ақпарат жалған ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазнет қолданушылары елімізде балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған», делінген хабарламада. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», – деп хабарлады ведомстводан. Қазақстандықтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға байланысты фейктер бұған дейін де таралған. « COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейді « деген жалған ақпарат таралды. « Балаларды екпе алмаған ата-анасынан жасырын әкету үшін мектеп автобустары сатып алынды» - деген фейк жарияланды. Сондай-ақ, б алаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді , о қушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр деген жалған ақпараттар таралды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana