USD
USD
USD

Балаларды әдейі уландырған балабақша тәрбиешісі дарға асылды

Хэнань провинциясы Цзяоцзо қаласының орта деңгейлі халық соты 25 баланы натрий нитратымен қасақана уландырған бұрынғы балабақша тәрбиешісінің дарға асылғанын растады, деп хабарлайды ktk.kz.

Балаларды әдейі уландырған балабақша тәрбиешісі дарға асылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пэнпай» басылымының хабарлауынша, 2019 жылы наурызда Цзяоцзо қаласындағы балабақшалардың бірінде балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген. Полиция тергеуден кейін анықталғандай, тәрбиеші Ван Юнь балалардың таңғы асына натрий нитратын қосқан. 25 бала зардап шегіп, олардың бірі 10 ай ем қабылдағаннан кейін көз жұмған.

Оның қылмысқа баруына балабақшадағы әріптестерінің бірімен туындаған жанжал түрткі болған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ата-аналар бұрынғы тәрбиешінің кешірімін қабылдамаған. Сондай-ақ, тергеу барысында тәрбиеші балаларды ойламағанын, әріптесінен кек алмақшы болғанын мойындаған.

Тергеушілер 2017 жылы әйелдің күйеуімен тұрмыстық жанжал кезінде оның сусынына натрий нитратын қосқанын анықтады. Салдарынан күйеуі орта деңгейде уланған.

Улаушы 13 шілдеде дарға асылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай