USD
USD
USD

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары аяқталуға жақын

Шымкент қаласында биыл алғаш рет 1-сынып оқушылары мектептерге электронды жүйе бойынша қабылдануда.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары аяқталуға жақын
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінге дейін қалада бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 87 пайызы қабылданып үлгерді.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінің «Инстаграм» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деді. Басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, ата-аналар өз өтініштерін 100 пайыз Egov порталы арқылы жіберуде. Бұрын балаларды қабылдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін созылып, мектеп тарификациясын бекіту ай соңына дейін созылатын. Енді білім ұйымы жаңа оқу жылына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

– Бұл шешім еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан сапалы білім беруде нәтижеге қол жеткізуге бағытталған зор мүмкіндік деп білемін, – деді Жанат Арысбекқызы.

Тікелей эфир барысында сала басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.