USD
USD
USD

Балалардан жын шығаратын емші бұрын Атыраудағы мешіттің күзетшісі болған

Атыраудағы «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі емшінің бұрын мешітте күзетші болғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. — Кейқуат Оспанов 2009 жылы Атырау қаласының орталық мешітінде бір-екі ай күзетшілік қызметті жасаған. ҚМДБ-ға ешбір қатысы жоқ. Бұйрық мүлдем алмаған, — деп мәлім етті мешіттің баспасөз қызметі.

Бала құқықтары жөніндегі Атырау өңірлік уәкілі Айжан Сәрсембаеваның айтуынша, желідегі ақпаратқа сәйкес анықтау басталған.

— Әрине, омбудсмен ретінде желіге ақпарат шыққан бойда аталған деректі анықтау басталды. Баланың үйін, ата-анасын тауып, сөйлесуді мақсат еттік. Атырау облыстық полиция департаментімен бірлесе емшінің инстаграм парағынан байланыс нөмірін, қайда тұратынын іздедік. Ал емделген қыз баланың Алматы облысында тұратыны анықталды. Өйткені емші әр өңірге барып, емдеу сеансын жүргізген, — деді Айжан Сәрсембаева.

Оның айтуынша, бұрын Атырауда осындай бір оқиға болған.

— Алты баласы бар отбасы 6-сыныпта оқитын баласын мектепке жібермей қойған. Себеп – баланың бойына кірген-міс. Тиісті органдармен бірге түсіндіру жұмысын қолға алдық. Ата-анасының құқығын белгілі бір мерзімге шектеп, балаларын бейімдеу орталығына орналастырдық. Психологтар балаларға кеңес берді. Сол кезде балаларда жын кіру дерегі анықталмады, — дейді Айжан Сәрсембаева.

Ал Кейқуат Оспановтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында ислам медицинасымен емдейтінін ашық көрсеткен. Емші емдеу сеанстарын да парақшасына жүктеген.

— Рухия (жын шығару), тіл-көз тию, тағы басқа ауруларды құран дұғаларымен дем салу арқылы емдейміз, — дейді Кейқуат Оспанов.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

панда

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Нұрымбет Сақтағанов

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Өскемендегі жарылыс

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы әуежайы