USD
USD
USD

Балалардағы мультижүйелі қабыну синдромының белгісі қандай?

 Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының доценті, PhD докторы, дәрігер-инфекционист Баян Тұрдалина балаларда кездесетін мультижүйелі қабыну синдромының нақты белгілерін айтып берді.  

Балалардағы мультижүйелі қабыну синдромының белгісі қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың 11 наурызында ауыр жедел респираторлы синдром қоздырғышы тудыратын (SARS-CoV-2) COVID-19 ауруы бойынша пандемия жағдайын жариялаған болатын. Ұйымның соңғы деректеріне сүйенсек, осы инфекциямен күреске, кем дегенде әлі екі жылдай уақыт қажет болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Жалпы, балаларда COVID-19 көбінесе жеңіл формада өтеді. Алайда, cоңғы уақыттағы шетелдік мамандар пайымына қарағанда, COVID-19 ауруының өршу кезеңін басынан өткерген елдерде уақыт өте келе балалар арасында көбінесе ауыр формада өтетін мультижүйелі қабыну синдромы кездесіп жатыр. 

Ең алғаш мұндай мәлімет Біріккен британ корольдігінің есеп беруінде жарияланған болатын. Сол уақыттан кейін дүниежүзінің басқа елдерінде де балалар жайында мәліметтер пайда бола бастады. Аталған жағдай балалардағы мультижүйелі қабыну синдромы (MIS-C) деп аталды», - деді ол. Оның айтуынша, MIS-C жиілігі жайлы ақпарат әртүрлі. Дегенмен, бұл балалардағы CОVID-19-дың сирек кездесетін асқынуы болып саналады. Статистикалық мәліметтерде 21 жасқа толмаған адамдарда SARS-CoV-2 зертханалық расталған инфекциясының болжамды жиілігі 100 000-ға шаққанда 322 жағдайды, ал MIS-C жиілігі 100 000-ға 2 жағдайды құрайды. «MIS-C жұқтырған көптеген балада ауру белгілері толық немесе толық емес Кавасаки ауруының (KD) критерийлеріне сәйкес келеді. Алайда, таралу ерекшелігі классикалық Кавасаки ауруынан өзгеше. MIS-C жағдайларының көпшілігі бұрын сау болған балаларда және жасөспірімдерде тіркелген. MIS-C эпидемиологиясы балалардағы жедел CОVID-19 эпидемиологиясынан да ерекшеленеді. Соңғысы әдетте 1 жасқа дейінгі балаларда және қосалқы аурулары бар балаларда өте ауыр өтеді», - деді инфекционист-дәрігер.

Баян Рысбекқызының сөзіне қарағанда, мультижүйелі қабыну синдромымен түскен көптеген ауру балаларда SARS-CoV-2-ге полимеразды тізбекті реакция теріс нәтиже көрсетіп отыр. Бірақ антиденелерге тексергенде оң нәтиже көрсетеді. Бұл факт MIS-C жедел инфекция өткеннен кейін пайда болатын иммундық дисрегуляциямен байланысты деген гипотезаға сәйкес келеді. «Мультижүйелі қабыну синдромы кезіндегі негізгі және барлық балаларда кездесетін клиникалық симптом - ұзақтығы орташа алғанда бес күнге дейін созылатын тұрақты қызба. Сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының зақымдану белгілері (іштің ауыруы, құсу, диарея), бөртпе, конъюнктивит, шырышты қабықтың зақымдануы сынды симптомдар жиі кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы