USD
USD
USD

Балалар жылы: елордада PRO .NRG FEST отбасылық фестивалі өтті

Кеше елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында отбасы үшін білім беру және ғылыми демалыс күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Балалар жылы: елордада PRO .NRG FEST отбасылық фестивалі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  PRO.NRG FEST негізінен елімізде STEAM-білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасымен жүргізіледі. Фестивальдің ерекшелегі балалар ата-аналарымен жүріп, білім-ғылымға негізделген түрлі шараларғы куә болады. Сондай-ақ фестиваль аясында робототехникадан оқушылар арасында First Glodal Challeng әлем чемпиоаты өтті. Енді жеңімпаз команда Женевада өтетін әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайды. Бұл білім чемпионатына 160 елден 190-нан астам команда қатыспақ.

Шара барысында елорда оқушылары қазақстандық химия пәнінің мұғалімі, TikTok-та бір миллион жазылушысы бар Ұлан Үсеновпен кездесті. Олар жас мұғалімнің ашық аспан астында химиялық тәжірибелері арқылы өткізген ғылыми шоуын тамашалады. Ал фестивальге Италиядан арнайы келген мұғалім Пьетро Олла цирк элементтері мен театр техникаларын біріктіріп, сабақ өткізудің үздік үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ білім бәсекесінде топ жарып жүрген оқушылар тәжірибелерімен бөліссе, отбасы құндылықтарын жоғары қоя білген ата-аналар ғылым мен өнердің сабақтастығы туралы дәріс оқыды. Фестивальде креативті мұғалімдердің арнайы көрмесі де болды. Онда еліміздің үздік педагогтерінің ғылыми STEAM жобалары мен білім беру шешімдері ұсынылды.

Айта кетейік, PRO.NRG FEST отбасылық фестивалін «Сhevron» компаниясы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті