USD
USD
USD

Балалар шипажайының басшысы ақша жымқыру фактісімен ұсталды

  Республикалық «Алатау» балалар шипажайында ақша жымқыру фактісі тіркелді.

Балалар шипажайының басшысы ақша жымқыру фактісімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі жүргізген операция барысында мекеме қызметкерлерінің ақша ұрлағаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдерді сатқаны белгілі болды. Аружан Саинның айтуынша, балалар бұл орталыққа квота арқылы келеді. Ата-аналардың жұмсайтын шығындары бұл есепке қосылмайды екен. Аталған мекеме елімізде бірегей екенін ескере отырып, Омбудсмен бұл мәселені «Денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алу керек» дейді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин: «Осындай орталықтарға жауапты мекемелер қызметтерін тиісті дәрежеде атқармай отыр. Тексеруші органдардың өздеріне тексеріс керек. Бақылаушы органдардың барлығына хат жіберілді. Тағы да тексеру қажет екені жеткізілді. Бұл көз жұма қарайтын жағдай емес», - деді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес