USD
USD
USD

Балалар қауіпсіздігін сақтаймыз десек….

Балалардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қабылданған шаралар орындала бермейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балалар қауіпсіздігін сақтаймыз десек….
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Министрлікте өңірдегі білім басқармалары жетекшілерінің қатысуымен жиын өтті. Тақырып – балалар қауіпсіздігін сақтауды қатаңдату жөнінде. Басқосу барысында жергілікті өңірлерде сақтық шараларының толықтай жүзеге аспайтыны белгілі болды» делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомстваның мәліметінше, ҚР БҒМ мен ІІМ-не қарасты Орта білім және мектепке дейінгі ұйымдарды бейнебақылау жүйесімен жабдықтау жөніндегі талаптар мен стандарттарды бекіту туралы ортақ бұйрық бар. «Бұл бойынша бейнебақылау жүйесі белгілі бір бөлмеге немесе автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін Оперативті басқару орталығына қосылатын орталықтандырылған күзет бөліміне орнатылады. Және бұл жүйе мекеме маңайы, кіретін-шығатын және қосалқы есіктерді де мүлтіксіз қадағалауы тиіс. Таспа 30 тәулікке дейін сақталуы керек», – деп түсіндірді БҒМ өкілдері. Сонымен, балалар қауіпсіздігін сақтау үшін қандай шара қабылдануы керек?

Бірінші, білім мекемелерін түгелдей бейнебақылаумен қамтамасыз ету керек.

Екінші, республикалық, облыстық, қалалық  орта білім және мектепке дейінгі мекемелердегі бейнебақылау ішкі істер органдарының Оперативті басқару орталығымен қадағалануы тиіс.

Үшінші, мекемеге рұқсат қағазымен кіру режимін енгізу керек.

Төртінші, білім мекемелері ішін жылы дәретханамен қамтамасыз етуге қаржы бөлу.

Бесінші, балалардың қауіпсіздігі жөнінде нұсқауды орындауды қамтамасыз ету және онымен ұстаз қауымын таныстыру.

 

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп