USD
USD
USD

Балалар гепатиттің белгісіз түріне шалдығып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 12 елінде балалардан гепатиттің беймәлім түрі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Балалар гепатиттің белгісіз түріне шалдығып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ мәлімдемесінде көрсетілгендей, 21 сәуірдегі жағдай бойынша белгісіз ауыр гепатит ДДҰ Еуропалық аймағының 11 елінде, Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағындағы тағы бір мемлекеттен анықталды.

Қазіргі уақытта бұл аурудан өлім-жітімнің бір фактісі тіркелгені туралы ақпарат бар. Ұлыбританияда - 114, Испанияда – 13, Израильде – 12, АҚШ-та – 9, Данияда 6 жағдай тіркелген. Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Румыния және Бельгияда бестен төмен жағдай тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, науқастардың жасы бір айдан 16 жасқа дейінгілер. Науқастардың шамамен 10%-ы бауыр трансплантациясын қажет етеді.

Сонымен қатар ұйым "А, В, С, Е және D типті гепатит вирустары осы жағдайлардың ешқайсысынан анықталмаған" деп мәлімдеді.

Кем дегенде 74 жағдайда аденовирус анықталды, 18 адамда молекулалық тестілеу кезінде F тобының аденовирусы анықталды (41 типі).

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры